«QazExpoCongress» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) «QazExpoCongress» ҰК» АҚ үш адамнан тұратын тәуелсіз директорларын сайлау үшін конкурстық іріктеу (бұдан әрі – Іріктеу) өткізілетіні туралы хабарлайды.
Қогамның атауы: | «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы |
Қоғамның орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны: | Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/13 ғимарат.
Тел. +77172917018, +77172917151. |
Қызметі: | EXPO халықаралық мамандандырылған көрме аумағын көрмеден кейінгі пайдалану;
халықаралық көрмелерге, оның ішінде 1928 жылғы 22 қарашада Парижде жасалған Халықаралық көрмелер туралы конвенцияда көзделген көрмелерге қатысу. |
Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: | 2025 жылғы 07 наурыз |
Іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: | 2025 жылғы 17 наурыз 19 сағат 00 минут |
2025 жылғы 18 наурыз
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер Үйі, №1 кіреберіс, 418 кабинет мекен-жайы бойынша. |
Қоғамның тәуелсіз директоры болып сайлануы тиіс үміткер келесі талаптарға сай болуы керек:
– басқару, корпоративтік құқық, қаржы саласында немесе Қоғамдағы жұмыс үшін маңызды басқа салаларда қажетті кәсіби білімді, тәжірибені меңгеруі;
– Қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылмауға және ол Директорлар кенесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде (Қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болған жағдайды қоспағанда) ол болып табылмауға, Қоғамның аффилиирленген тұлғаларына қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмауға;
– Қоғамның лауазымды тұлғаларымен немесе Қоғамның аффилиирленген ұйымдарымен бағыныстылықпен және осы тұлғалармен бағыныстылықпен оның Директорлар кенесіне сайлануының алдындағы үш жыл ішінде байланысты болмауға;
– мемлекеттік қызметші болып табылмау;
– Директорлар кенесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде Қоғамның органдарының және олардың отырыстарында жалғыз акционердің өкілі болып табылмауы;
– аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде Қоғамның аудитіне қатыспауға және оның Директорлар кенесіне сайлануының алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де талаптарға сәйкес келуге міндетті.
– Қоғаммен және оның еншілес құрылымдарымен еңбек қатынастарында болмауға;
– Қоғамның алдында қаржылық немесе өзге де міндеттемелері болмауы тиіс.
Қоғамның Директорлар кеңесі мүшесінің лауазымына:
1) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
2) белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе сақтап қою туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде бір жылдан аспайтын кезеңде басқа заңды тұлғаның Директорлар кеңесінің төрағасы, атқарушы органның басшысы, басшының орынбасары, бас бухгалтері болған адамдар сайланбайды. Көрсетілген талап белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе сақтап қою туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады;
3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдар сайланбайды.
Іріктеуге қатысуға қажет құжаттар:
1) қоса беріліп отырған нысан бойынша қатысу туралы өтініш;
2) кандидаттың түйіндемесі;
3) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
5) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған соттылықтың және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар;
7) қоса беріліп отырған нысан бойынша толтырылған кандидат туралы мәліметтер.
Кандидат өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Үміткер өтінімнің түпнұсқасын конвертке жапсырады, оны «Түпнұсқа» деп белгілейді.
Бұл конвертте кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке мөрленеді.
Ішкі және сыртқы конверттер:
1) Қоғамның интернет-ресурста орналастырылған хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша жолдануы;
2) «Қоғамның Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларын іріктеу» және «Дейін ашпау» (Қоғамның интернет-ресурсында орналастырылған хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақыты) деген сөздерді қамтуы тиіс.