«QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы «EXPO» бизнес-орталығында қоғамдық тамақтану қызметтерін көрсету үшін жалға алушыны іріктеу ережесіне сәйкес (бұдан әрі – Ереже), «EXPO» бизнес-орталығында қоғамдық тамақтану қызметтерін көрсету үшін жалға алушыны іріктеу бойынша конкурс (бұдан әрі – Конкурс) өткізілетіні туралы хабарлайды.
Конкурс шарттары туралы толық ақпарат Ережеде көрсетілген.
Конкурсқа қатысушылар «QazExpoCongress» Ұлттық
компаниясы» АҚ-на Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел, 53/2 ғимараты, №104 кабинет мекен-жайы бойынша Конкурсқа қатысу өтінімдерін жолдайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталу күні: 20.09.2021 ж.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың аяқталу уақыты және күні: 24.09.2021 ж. сағат 19.00-де.
Конкурсты өткізу туралы хабарландыру Конкурсты өткізу үшін белгіленген мерзім ішінде жарамды.
Хабарландыру және өзге талаптар https://qazexpocongress.kz ресми сайтында орналасқан.
Өтінімдерді қарау және қатысушыларды іріктеу Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Қосымша ақпаратты жұмыс күндері сағат 09.00-ден 12.30-ға дейін және 14.30-дан 19.00-ге дейін +7 (7172) 91 71 71, 91 70 16, 91 71 79 телефондары арқыды алуға болады.